1974 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. Кейінірек «Логистика жөніндегі директор» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алған. Мультимодальды көлік және өндірістік логистика саласында бірқатар сәтті жобаларды жүзеге асырды.
Еңбек жолын 1997 жылы «ВОЭКС» көлік-экспедиторлық компаниясында бастады. Логистика жөніндегі бас маман, директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, атқарушы директор лауазымдарын атқарды.
Илья Викторович 2011 жылы «Altyntau Resources» АҚ-ына шақырылды, онда ол сатып алулар бөлімінің жетекші маманынан коммерция жөніндегі басқарушы директорға дейінгі мансап жолынан өтті.
2015 жылы «КЭМОНТ»АҚ-ның бас директоры болып тағайындалды. 2016 жылғы желтоқсанда Казцинкке коммерция жөніндегі менеджер лауазымына оралды.
2021 жылы 9 желтоқсанда коммерция жөніндегі атқарушы директордың орынбасары болып тағайындалды, ал 2022 жылғы 17 қаңтардан – «Казцинк» ЖШС-нің коммерция жөніндегі атқарушы директоры.